Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президенттікке үміткер қанша жарна төлейді?

0 161

Қазақстанда 20 қараша күні Президент сайлауы өтеді. Үміткерлерді тіркеу ертең басталады.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, президенттікке үміткерлер 3 миллион теңге жарна төлейді.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров үміткерлердің заң талаптарына сәйкес келетіні өтініш бергеннен кейін 5 күн ішінде тексерілетінін айтты.

«Кандидаттардың Конституция мен Сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттаманы, дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші және кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті өткізгеннен кейін 5 күн ішінде жүзеге асырады. Жарна мөлшері – 3 миллион теңге», – деді Петров.

Бұған дейін президенттікке кандидаттарға қандай талаптар қойылатынын жазған болатынб

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.