Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президенттің Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

0 1  787

Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі өте тығыз. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың басшыларымен, қоғам өкілдерімен кездесіп, конференциялар өткізіп, жоспарланған іс-шараларға қатысады.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы аптасына жеті күн жұмыс істейді деп кесіп айта аламын, туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Күн тәртібіндегі дағдарысқа қарсы күрес іс-шараларынан бөлек, Президент мемлекет дамуының ұзақ мерзімді міндеттеріне: экономиканы, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі», – деді Берік Уәли.

Сондай-ақ, ол Президенттің әлеуметтік желілердегі кейбір жазбаларының неге кеш жарияланатынын да түсіндірді.

«Президенттің Twitter-дегі кейбір жазбалары түнде пайда болатынын дұрыс байқағансыздар! Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы ел өміріндегі жағдайларды қалт жібермей қадағалап отырады және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі мәліметтермен танысуға әрқашан уақыт табады. Егер Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет деп санаса, онда ол қоғамды елең еткізген маңызды оқиғаларға қатысты өз көзқарасы туралы кез келген уақытта жазба жариялап, қажетті нұсқаулар береді. Жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты кейде мұндай жазбалардың кеш шығуы мүмкін екендігі түсінікті болар», – деп түсіндірді ол.

Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік қызметшілерге мынандай қиын уақытта қалай жұмыс істеу керектігін осылайша үлгі қылады.

Айта кетсек, Президент табиғат аясындағы ел азаматтарының әдепсіздігін сынаған жазбасын кеше Twitter-де түнгі 1:30 уақытында жариялаған еді.

qazbrand.info

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.