Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөзі туралы айтты

0 1 318

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөздері туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті.

Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, Руслан Желдібай Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келіскенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығына шынайы ризашылығын білдірген.

Еске салайық, 19 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочиге барған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.