Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент сайлауында «Барлығына қарсымын» деген таңдау болады

0 222

Биыл кезектен тыс өтетін Президент сайлауындағы жаңашылдық туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Сайлау бюллетеньдерінде «Барлығына қарсымын» деген баған болады. Ол заңмен белгіленген. Сондықтан бұл шешілген мәселе, адамдарда сондай таңдау болады,— деп қысқа қайырды министр.

 

Биыл елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін айта кетейік. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған жолдауында айтты.

Бұған дейін Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева елімізді күтіп тұрған сайлау науқандарына кететін шығындар туралы айтып берген еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.