Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент сайлауына тағы бір әйел кандидат ұсынылды

0 180

Белгілі құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова енді құжаттарын ОСК-ға тапсыруы қажет, деп хабарлайды Экспресс К.

«Қазақ аналары — дәстүрге жол» атты республикалық бірлестігі Президент сайлауына Салтанат Тұрсынбекованы ұсынды. Ол Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.

 

Салтанат Тұрсынбекова көп жылдар бойы азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын қорғаумен айналысып келеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында ерекше белсенді.

Мақсатым құр сайлауға қатысу емес. Еліміз үшін маңызды іс-шараның жауапкершілігін сезініп, саяси додаға қатысайын деген шешімге келдім. Бүгін құжат тапсырамыз, бәрі сәтті өтсе, бағдарламамды пысықтап, таныстырамын, — деді Салтанат Тұрсынбекова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.