Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең 18:00-де аяқталады деп хабарлады turkystan.kz.
Осы уақыт ішінде Президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылғандар:
Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;
Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан;
Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;
Қасым-Жомарт Тоқаев – Халықтық коалиция атынан;
Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.
Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері – 3 млн теңге.