Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент сайлауына кандидат атанғандардың толық тізімі белгілі болды

0 181

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенті болуға кандидат ретінде ұсынылған адамдардан құжат қабылдауды аяқтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 21 қыркүйекте басталып, бүгін аяқталды. Еліміздің әртүрлі саяси және қоғамдық ұйымдарынан ұсынылған үміткерлер келесідей:

  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған Жигули Дайрабаев.
  • Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы ұсынған Нұрлан Әуесбаев.
  • «Аманат» кәсіподақтар достастығы ұсынған Мейрам Қажыкен.
  • «Amanat», «Ақ жол», Қазақстан халық партиялары, сондай-ақ «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі» және «Қазақстандық спортшылар одағы» ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев.
  • «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ұсынған Қарақат Әбден.
  • «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Нұржан Әлтаев.
  • Қазақстан құрылысшылар одағы атынан ұсынылған Талғат Ерғалиев.
  • «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Жұматай Әлиев.
  • «Қазақ аналары — дәстүрге жол» атты республикалық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова.
  • «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» ұсынған Хайролла Ғабжалилов.
  • «Қазақстанның футбол әуесқойлары лигасы» ұсынған Бақыт Жаңабаев.
  • «Практикалық Психология» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Фатима Бизакова.

Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша, әзірге тек 5 адамның құжаты кандидатқа қойылатын талапқа сәйкес деп танылды. Кей үміткерлердің құжаты әлі де тексеріліп жатыр.

Тексеруден өткен үміткерлер Қазақстан азаматтарының қолдауына ие болуы керек. Яғни олар сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызына, нақты айтқанда 118 мыңнан аса қол жинауы тиіс.

Жиналған қолдардың тексерісінен кейін ОСК тиісті кандидатты тіркеу не тіркемеу туралы шешім қабылдайды. Осылайша президент болуға үміткер адам ресми түрде тіркелгеннен кейін ғана үгіт-насихат жұмысын бастай алады.

Елімізде кезектен тыс Президент сайлауына 40 күн қалғанын айта кетейік. Маңызды саяси іс-шара 20 қарашада өтеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.