Ағымдағы жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында AMANAT» партиясы облыстық филиалының республикалық желілік кестесіне сәйкес, «Қазфосфат» ЖШС зауытының «Минералды тыңайтқыштар» филиалында сайлаушылармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі сенімді өкілдері Абдурахман Зайнутдинов, Қанат Абитаев, Эльмира Әбдінова мен Шолпан Ахметова тұрғындар алдында сөз сөйлеп, сайлаушылардың көңілдерінде жүрген сұрақтарын тыңдап, тиісті жауаптарын берді. Қасым-Жомарт Кемелұлының сенімді өкілдері өз сөздерінде Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында түйіні тарқамағанын түйткілді мәселелердің қамтылғанын атап өтті.
– Алдағы Президент сайлауында әрбір қазақстандық өзінің қатысуымен жаңа Қазақстанның біздің өміріміз бен қоғамымыздың ақиқатына айналуы үшін өз таңдауын жасауға мүмкіндік алады. Жаңа Қазақстан – еліміздің барлық тұрғыны үшін тең мүмкіндіктерге ие инклюзивті қоғам. Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауы дер кезінде жасалған саяси қадамның бірегейі. Маңызды құжатта қоғамдық-саяси саладағы өзгерістер, экономиканың дамуы, халықтың тұрмысының жақсарту жөнінде кеңінен айтылды. Бүгінде басты құжатта көрсетілген бағдарламарды жүзеге асыру мақсатында ілкімді істер қолға алынуда. Жалпы, Мемлекет басшысына әлемдік геосаяси жағдай ушығып тұрған қазіргі кезеңде ұлттық тұтастық, мемлекеттік бірлік, әсіресе халқымыздың қолдауы ауадай қажет. Сондықтан, Сіздерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырамын, – деді Эльмира Елеусізқызы.
Келесі