Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент Экология, геология және табиғи ресурстар министрін тағайындады

0 589

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі «Aikyn.kz» сайтына сілтеме жасап.

«Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын» делінген Жарлықта.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.

Президент, Премьер-министр, Мұнай және газ министрлігінің алғысхаты мен «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

1995-1997 жж. – «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист.

1997 ж. – Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор.

1997-1998 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер.

1998-2006 жж. – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жж. – Энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.

2015-2020 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында  ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың 5 наурызынан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.