Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын теледидар арқылы тыңдадым.
Жолдау барысында Ел Президенті елімізде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын атап өтіп алда тұрған басты міндеттерді атап өтті. Президент: «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді.
Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн» деді.
Шындығында да ауыл шаруаышылығымен айналысатын шаруалардың дені суды көп қажет ететін дақылдарды егетіндігі ақиқат. Мәселен биылғы жылы ағын су тапшылығын нақты сезіндік. Сондықтан алдағы уақытта Президент айтқандай, ағын суды аз қажет ететін пайдасы көбірек болатын дақылды егуді қолға алған жөн деп ойлаймын.
Жалил Азимұлы Аббосов
Жамбыл облысы Байзақ аудандық “Ахыска” Түріктер этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.