Қалалық қоғамдық-саяси газет

Польша АҚШ-тан келген әскерді Украина маңына орналастырады

0 521

Польша АҚШ-тан келген әскерді Украинамен шекараға жақын жерде орналастыруды жоспарлап отыр. Елдің оңтүстік-шығысында АҚШ-тың қосымша күштері орналастырылатыны туралы Польша қорғаныс министрі Мариуш Блащак Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«АҚШ әскерлерінің Польшаға жылдам келуі НАТО-ның шығыс қанатына төнген қауіп-қатерге жақсы жауап береді және одақтастық міндеттемелерге байыпты қатынасты көрсетеді. Әскерилер еліміздің шығыс-оңтүстік бөлігінде әрекет ететін болады», – деді Польша қорғаныс министрлігі.

Жексенбі, 6 ақпанда Ауғанстаннан соңғы шыққан америкалық әскери қызметкер ретінде танылған генерал Кристофер Донаху бастаған АҚШ-тың 82-әуе-десанттық дивизиясының әскерлері Польшаға келгені белгілі болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.