Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полиция 14 жасар қызды күйеуге сатпақ болған ата-анасына қайтарды

0 225

Қытай полициясы 14 жастағы қыздың тұрмысқа шығуына кедергі келтірді. Олар Чжуннин уезінің, Нинся-Хуэй автономды ауданында өтіп жатқан тойды тоқтатты. Жасөспірім қыз той кезінде полиция шақырып, еркінен тыс тұрмысқа шығып жатқанын хабарлаған. Ата-анасы қызды бейтаныс жанға 40 мың доллар қалыңмалға сатты деп күдікке ілінді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақшаға алтын бұйымдар алып үлгерген қыздың ата-анасы оларды қарсы тарапқа берді. Ал қыз әке-шешесіне қайтарылды. Полиция олардың тегін құпия қалдырды. Ал болған оқиға жайлы жергілікті әділет министрлігі әлеуметтік желіде хабарлады.

WeChat платформасында жарияланған постта полицияның жедел әрекет еткені айтылған. Алайда желіде жағымсыз жазбалардан кейін пост өшірілген.
Айта кетейік, Қытай заңы бойынша кәмілеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналарына оларды үйлендіруге тыйым салынған. Қытайда ер азаматтарға 22 жастан, ал қыздарға 20 жастан бастап отау құруға болады. Алайда бұл заңды бұзғандарға ешқандай жаза қарастырылмаған.

 

Ауылды жерлерде балаларды ерте жастан үйлендіру үрдісі әлі күнге дейін сақталған. Соған қарамастан, аталған оқиға қалалықтарды шошытты. Олар қыздың ата-анасын жазалауды сұраған.

Ауылдық жерде тұратын көптеген ата-аналар ерте жастан некелесуді қолдайды. Бұл әсіресе гендерлік теңсіздіктің кесірінен қалыңдық таппай қиналатын жігіттер қауымы үшін өзекті. Проблеманы бір бала саясаты мен селективті аборттар күшейте түсті. Қытай билігі келтірген дерекке сүйенсек, Қытайда ерлердің саны әйелдерден 35 миллионға артық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.