Қалалық қоғамдық-саяси газет

Политех жастары жарады

0 2  477

«Жаса,  Жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде әр түрлі этнос жастары арасында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты облыстық спартакиада өтті.
Жарысқа барлығы 14 команда қатысып, спорттың 8 түрінен сынға түсті. Атап айтар болсақ, спортшылар турникке тартылу, қол күрес, гір тасын көтеру, жүгіру, ұзындыққа секіру, арқан тарту, кеудені жерден көтеру, арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру секілді спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады.
Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша командалық есепте Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің командасы I орынды жеңіп алды.«Болашақ» колледжінің командасы II орынды иеленсе,«Парасат» колледжінің спротшылары III орынға табан тіреді.
Жеңімпаз команданың жетістігіне тоқталар болсақ, турникке тартылудан Қуаныш Сарданбек қарсыластарынан басым түсіп, I орынды қанжығалады. Ұзындыққа секіруден және 100 метрге жүгіруден Жанболат Молдаш қарсыластарын шаң қаптырып, I орынды жеңіп алды. Кеудені жерден көтеруден осы спортшы III орынды қанағат тұтты. Арқамен кеудені көтеруден Қаракөз Акбар III орынды иеленді. Қол күресінен сынға түскен Елнұр Есіркепбай III орыннан көрінді. Тағы бір жеңімпаз — Айзат Жылқыбай гір тасын 150 рет көтеріп, қарсыластарынан басым түсті. Білекті спортшымыз I орынды жеңіп алды. Арқан тартудан Даниял Әлімжан, Асылхан Әбдіраш, Қаракөз Акбар және Арман Манапбаев II орынды еншіледі. Команда қоржынына ұпай салып, жеңіске жетелеген жастарды ұстаздары — Талғат Меңдібаев, Дәурен Алсеитов және Қанат Арқабаев жаттықтырған болатын.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің командасы қаржылай сыйлықпен, кубокпен және дипломдармен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.