Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полигондағы сарбаздың өлімі: Жақындары жауаптыларды жазаға тартуды талап етті

0 344

Әскерге көктемде ғана кеткен Алмас Шахимовты 11 тамызда жақындары жер қойнына тапсырды. Туыстарының айтуынша, 19 жастағы жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге өзі сұранып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алмас үйінің жалғыз ұлы болған. Отан алдындағы борышын өтегенге дейін құтқарушы мамандығын бітірген.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға келген қаруластары мен әскери бөлім командирі Алмастың көзсіз ерлігі жайлы баяндап берді. Қаруластарын құтқарамын деп жүргенде жас жігіттің басына темір құрастырма құлап, ауруханада қайтыс болды. Алмас Шахимов мемлекеттік наградаға ұсынылған. Әйтсе де, сарбаздың ажалына жауаптылар болуға тиіс деп санайды жақындары.

«Әскерге ешкім шақырған жоқ. Өзі әскерге барам деп кеткен. Өз аяғын басып кетіп еді. Өлтіріп, табытқа салып алып келді. Әскерде тәртіптің жоқтығы бұл. Палатқа құлағанда ішінде балалар айғайлады деді. Балалар айғайлағаны қалып қойған. Соған командир кірмей, неге солдат кіреді?» – деді марқұмның әжесі Гүлмайда Туғамбаева.

Айта кетейік, бұған дейін қызметтестері Алмастың өліміне қатысты мән-жаймен бөліскен еді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.