Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Періште қонған үй» – көрермен назарында

0 521

Дүниеге сәби әкелу, отбасыларына  жас нәрестелер силау жүгі қай анаға болса да жеңіл емес. Егде тартып қалған кейбір аналар сәби сүю бақытына ие болу жолында – өз өмірлерін де қатерге тігіп жатады. Осы миссия жолында қаншама ана мен сәби ажал құшты, ойнап жүріп от басып кәмелетке толмай  бала көтеріп қалған қаракөздердің тағдыры тым аянышты. Шырылдаған бір сәбиге зар болған қаншама шаңрақ күйреп тынды.

Қоғамдағы осы күрделі мәселені халық таразысына салу мақсатында, 9 ақпан күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында   Драматург Сұлтанбек Құдайбергеннің «Періште қонған үй»  атты драмасы көрермен назарына жол тартты.

Қоюшы режиссер  ҚР еңбек сіңрген қайраткері Гүлсина Мергалиева «Бұл қоғамдағы өте актуалды мәселе,  спектакльде 6 ана кейіпкер бар олардың балаларын қандай мақсатпен  өмірге алып келетіні туралы айту,  болашақ ұрпақ қандай болуы керек екенін ұғындыру»- деген ойымен бөліссе, көркемдік жетекші Анар Сағымбекова «Жаңа Қойылым Мемлекет басшысының 2022 жылды- «Балалар  жылы»  деп жариялау аясында дүниеге келіп жатқан періште сәбилер мен аналар тағдырын сахана өнере арқылы суреттеп көрсету» – деді.

Қойлымды тамашалаған қала тұрғындар мен қонақтары, студенттер жылы лебіздерін білдірді.

Жұматай Көксубайұлы

Фото Юрий Кимдікі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.