Қалалық қоғамдық-саяси газет

Педкеңес жаңа форматта өтті

0 1  767

2020 жылдың 19 тамызында сағат 11.00-де Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейде «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында жалпыреспубликалық педагогикалық кеңес өткізу тұжырымдамасы негізінде педагогикалық кеңес өткізілді.

Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері туралы педагогтарды хабардар ету.

ZOOM платформасы арқылы қашықтан өткен педагогикалық кеңеске әкімшілік пен педагогтар қауымы қатысты. Жаңа оқу жылына дайындық аясында өткізілген педагогикалық кеңесте мынадай мәселелер қаралды:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) Қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер:
а) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) Мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
6) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) Баланы өз бетінше жұмыс жасауға және оқуға ынталандыру.
Жоғарыда аталған күн тәртібіне байланысты мектеп-лицей директоры Абдирасилова Зауре Садуақасқызы сөз сөйледі. Зауре Садуақасқызы өз сөзінде 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқтала келе, жаңа оқу жылының оқу форматы қашықтан өтетінін атап өтті. Мектеп ұжымының облысымыздағы білім ұйымдарымен қатар «Daryn.Online» интернет-платформасын пайдаланып, «Kundelik.кz» электронды журналымен жұмыс жасалынатыны туралы айтты.

Жаңа оқу жылында 1-11 сыныптар аралығындағы 2532 оқушы 93 сынып-комплектісін құрап отыр, мектепалды даярлық сыныптарына 104 оқушы қабылданды. 1-сыныпқа 330 оқушы қабылданып, 12 сынып-комплектісі жасақталды. Оның ішінде 4 лицей сыныбына тест арқылы 100 оқушы іріктелді. 11-сыныптың 53 оқушысы 2 сынып-комплектіні құрайды.

Жаңа оқу жылында оқу форматы қашықтан ұйымдастырылады. 1-4 сынып аралығында 12 кезекші сынып жұмыс істейді. Оның ішінде 6 кезекші сынып 1-сынып оқушылары үшін жасақталады. Кезекші сыныптардың жұмыс режимі мен жұмыс істеу қағидалары ҚРБжҒМ 13.08.2020 жылғы №345 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.

Интернет-платформалармен жұмыс істеу үшін мұғалімдерге логин-пароль берілген. Оқушыларды тіркеу осы аптада аяқталады. Платформалармен жұмыс істеу ережелерін түсіндіруге байланысты әдістемелік кафедраларда қашықтан оқыту семинарлары өткізіледі.

Сонымен бірге теледидардан «Балапан» арнасында қазақ тілінде сабақтар ұйымдастырылады. Дәстүрлі формаға бірте-бірте көшуге дайындаламыз. Мектеп педагогтарының жұмыс орны техникамен және интернетпен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалауға да келесі өзгерістер енгізілді:
• Күнделікті күнде толтырып отыру. Бағалау формативті (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) болып бөлінеді.
• Бір пәннен 1 БЖБ (25 балл) және 1 ТЖБ (50 балл) болады. Сонымен қатар формативті (қалыптастырушы) бағалау 1-10 дейін (25 балл) аралығында бағаланады.
• Сабақты синхронды және асинхронды форматтарда ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Сөз кезегін директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Турекулова Асима Исакуловна мұғалімдерге қашықтан оқыту жағдайында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық нормаларын жан-жақты түсіндірді. Қашықтан оқыту процесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (бұдан әрі – Санитарлық нормалар) талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта өтуі мүмкін екенін, осы тұста педагог қашықтан өткізетін сабақты ұйымдастыру кезінде:
1-қадам. Жұмыс орнының техникалық дайындығын қамтамасыз етеді.
2-қадам. Мұғалім имиджі мен этикетін сақтауы қажет деген ережені еске салды.
Қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі:
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы орта білім берудің типтік оқу бағдарламаларына сәйкес қашықтан сабақтың тақырыбын анықтау.

  1. Қашықтан сабақтың түрі анықталады (жаңа тақырыпты оқу, жаңа материалды зерттеуді жалғастыру, қайталау, өзіндік жұмысты жүргізу, рефлексия және кері байланыс, онлайн-тестілеу, виртуалды зертханалық жұмыстар және т.б.).
  2. Сабақтарды келесі құрылым мен мазмұн бойынша әзірлеу ұсынылады:
    2.1. Пән, сынып;
    2.2. Бөлім тақырыбы, сабақ тақырыбы;
    2.3. Сабақтың мақсаттары (оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес оқыту мақсаттарынан қалыптасады) оқушыға бағытталған (сабаққа арналған мақсаттардың саны 1-2-ден аспауы керек);
  3. Сабақтың кезеңдері сабақ түрлері мен қолданылатын оқыту әдістеріне сәйкес құрылады.
    Сабақты әзірлеуде қолданылатын әдістер: зерттеу тәсілі, тілді оқытудың коммуникативтік тәсілі, функционалдық сауаттылықты дамыту әдісі, проблемалық оқыту әдістері, жобалық әдіс, белсенді және интерактивті оқыту әдістері.
    Білім алушылардың компьютерде жұмыс жасауына қажетті санитарлық талаптарды атап өтті:
  4. Мектепалды даярлық сыныптарында және 1-сыныптар үшін компьютер мен ноутбуктың алдында отыру ұзақтығы 15 минуттан аспауы керек;
  5. 2-3 сыныптар үшін 20 минуттан аспауы керек;
  6. 4-5 сыныптар үшін 25 минуттан аспауы керек;
  7. 6-8 сыныптар үшін 25 минуттан аспауы керек;
  8. 9-11 (12) сыныптар үшін 30 минуттан аспауы керек.
    Ата-аналардың өтінішімен 15 балаға дейінгі контингентпен кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Ол сыныптарға созылмалы ауруы жоқ балалардың жіберілетіні хабарланды.
    Білім алушының оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар:
    1) білім алушылар сабақ кестесін синхронды және асинхронды форматта сақтайды және өздерінің оқу күнін жоспарлайды.
    2) белгіленген кестеге сәйкес пәндер бойынша материалдарды зерделейді және оқу тапсырмаларын орындайды.
    3) жауаптарды интернет-платформалардың, электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы тіркейді немесе электрондық пошта арқылы жібереді.
    4) мұғалімнің тапсырмалары бойынша түсініктемелерін зерделейді және оның ұсыныстарын орындайды.
    5) сынып жетекшісімен байланыста болады.
    6) Мұғалімдермен кез келген қолжетімді режимде жұмыс істейді, қажет болған жағдайда мұғалімге туындаған сұрақтарды мұғалімге жолдайды.
    7) компьютерлік жабдықтың үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығына қатысты санитарлық нормаларды сақтайды.
    Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып):
    • Барлық мектепті қашықтан оқыту кезінде бастауыш 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Оқушыларды кезекші сыныпқа қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініштері бойынша жүргізіледі.
    • Кезекші сыныптарда оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі.
    • Балаларды оқытуға арналған өтініштер ата-аналардан қолжетімді байланыс құралдары арқылы 2020 жылғы 15-24 тамыз аралығында электронды түрде қабылданады.
    Кезекші сыныптарға қабылдау жалпы білім беретін мектеп директорының бұйрығы негізінде 2020 жылғы 25 тамызда жүзеге асырылады. 25-27 тамыз аралығында кезекші сыныптар құрылады, әр сыныпқа бір мұғалім бекітіледі.
    Оқу тоқсаны ішінде балаларды кезекші сыныптар қабылдау бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады. Ата-аналар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз етеді (маскалар, қолғаптар, қолды емдеуге арналған жеке бөтелкедегі антисептик немесе дымқыл бактерияға қарсы майлықтар).
    • Бір сабақтың ұзақтығы – 30-40 мин. 1-ші сыныптарда – сатылы режим. Кесте бір аптаға жасалады.
    • Барлық сабақтар мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.
    • МЖМБС пәндер бойынша оқу бағдарламаларын 100% орындау.
    • Ата-аналар мен педагогтар балаларға әлеуметтік алыстау қажеттілігін түсіндіреді.
    • Ата-аналар оқу күні басталар алдында балаларды мектептің сыртқы есіктеріне дейін алып жүруді және оқу күні аяқталғаннан кейін балаларды мектептің сыртқы есіктерінен үйге дейін алып жүруді жүзеге асырады.
    • Мұғалімдердің кезекші сыныптар режимінде жұмыс жасауға жазбаша келісімі қажет.
    Кезекші сыныптарда санитарлық талаптарды сақтау
    • Топтың толымдылығы 15 баладан аспайды.
    • Топтардың оқытылуын күнара жүзеге асыру (1-топ – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, 2-топ – сейсенбі, бейсенбі, сенбі).
    • Білім алушылар мен мұғалімдердің, басқа қызметкерлердің физикалық байланыстарын азайту.
    • Таза ауада, мектептің спорт алаңдарында дене шынықтыру сабақтарын өткізу.
    • Әртүрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта сабақтар арасындағы үзілістерді ұйымдастыру.
    • Оқу үстелдерін 1 метр қашықта орналастыру: білім алушыларға жеке парта мен орындық бекітіледі, білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т.б.) пайдаланады.
    • Әлеуметтік алыстау үшін ауысымдарды көбейту және ауыстыру, әлеуметтік алыстауды қамтамасыз ету үшін мектеп алаңдарын барынша пайдалану.
    • Білім алушылар мен педагогтардың температурасын күн сайын өлшеу, медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс жасауы.
    • Дене температурасы нормадан жоғары, аурудың белгілері бар балалар үйге оралады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, бүкіл сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады, мектеп оқуды штаттық режимде жалғастырады.
    • Нормадан жоғары температура, ауру белгілері анықталған жағдайда педагогтар жұмысқа жіберілмейді.
    • Әрбір екінші сабақтан кейін сыныпта ылғалды жинау, әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ылғалды жинауды жүргізу.
    • Мектеп асханасы мен буфеттің қызметін тоқтата тұру.
    • Өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен, аяқ киімге арналған кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз ету, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді дезинфекциялау.
    • Білім алушыларды, педагогтар мен басқа да қызметкерлер үшін маскалық режим сақталу керек.
    Мектеп-лицей ұжымы бір кісідей қатысқан педагогикалық кеңес 2020-2021 оқу жылында мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік пен міндет артып отырғанын, жаңа оқу жылының жүгі ауыр екенін сезіндірді.
    Білім ордасы бұл міндеттің үдесінен бірлік пен табанды еңбектің арқасында шығады деп сенеміз.

№3 мектеп-лицейдің
педагогикалық ұжымы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.