Қалалық қоғамдық-саяси газет

Патологоанатомиялық қызметтің мүмкіндігі кеңейеді

0 609

Патологоанатомиялық қызмет аурудың пайда болуы мен даму заңдылықтарын және жеке патологиялық процестер мен түрлі жағдайдағы әрекеттерді зерттейді. Бұл мамандардың қызметінің арқасында денсаулық сақтау мекемелері клиникалық диагностиканың сапасын және жалпы медициналық мекемелердің жұмысын бақылайды, ал мемлекеттік құрылымдар халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітімінің себептері туралы ақпарат ала алады.

Облысымыздағы патологоанатомиялық бөлімше заманауи зертханалық жабдықтармен жарақтандыруға және бұл бағыттағы кадрларды даярлауға мүмкіндік беруде.
Облыстық патологиялық анатомия бюросы аудандық бөлімшелердің жұмысын жетілдіру және сапасын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында құрылған болатын. Аталған орталықтандырылған ұйымда, әртүрлі бейіндегі патологоанатом-дәрігерлерді, материалдық-техникалық жарақтандырудың шоғырлануы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, «диагностикалық процестің өзара алмасуын және үздіксіздігін, «каскадты» оқыту әдісі бойынша тиісті мүмкіндіктер қарастырылған. Алайда бюроның жаңа ғимараты қазіргі заманғы талаптарға жауап бермей отыр. Себебі коммуникациялық желілердің тозуы, үй-жайлардың тиісті жиынтығының болмауы және заманауи медициналық жабдықтар мен тауарлардың жоқтығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен патологоанатомиялық диагностика көрсету стандарттарына да сәйкес келмейді. Сондықтан бұл бағытта жер телімін бөліп, заманауи үлгідегі облыстық патанатомиялық бюро салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.
Материалдық-техникалық базаны жаңғырту үшін қажетті заманауи зертханалық жабдықтарды сатып алуға 31,5 миллион теңге қаржы бөлінді. Керекті жабдықтар гистологиялық препараттардың сапасын жақсартуға, науқас тірі кезінде диагностика сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, жұмыстың жалпы өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұның барлығы зерттеу процесін автоматтандыра отырып, мамандарды даярлауға, қажетті диагностикалық жабдықтармен жарақтандырылған үлгілік ғимаратты тиімді пайдалануға және биопсиялық және операциялық материалдарды патоморфологиялық анықтаудың сапалы диагностикалық процесін, сондай-ақ персонал үшін жағдайлар жасауды арттыруға жол ашады. Сонымен қатар Ресейдегі Н.Н.Блохин атындағы онкология ғылыми-инновациялық зерттеу орталығының негізінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында жергілікті бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға патологоанатомдардан 2 адам оқуға жіберілмекші.
Бір сөзбен айтқанда, патологоанатомиялық қызметтің мүмкіндігі кеңейеді.

Әсет Қалиев,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.