Қалалық қоғамдық-саяси газет

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

0 149

Нұр-Сұлтанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысына Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов төрағалық етеді.

Депутаттар елорда атауын өзгерту, сондай-ақ бір реттік президенттік мерзімге қатысты нормаларды қарастырады.

14 қыркүйекте Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы соңғы рет 1 қыркүйекте өткен еді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.