Қалалық қоғамдық-саяси газет

Парасатты отбасылар анықталды

0 385

2013 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып өтеді. Осыған орай И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясында «Парасатты отбасы» байқауы өтті.

«Елу жылда ел жаңа» үкіметтік емес ұйымы ұйытқы болған шара адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мәртебесін көтеруге бағытталды. Байқауда бақ сынаған отбасылар өзара сынға түсіп ғана қоймай, өзгелерге белсенділік пен ауызбіршіліктің анық үлгісін көрсетті.
Байқау барысында бірі әуелетіп ән шырқаса, енді бірі мың бұрала би биледі. Арасында қазақтың ұлттық қолөнерін жаңғыртқандар да болды. Отбасының кішкентай мүшелері – балдан тәтті бүлдіршіндердің де өнерлері көпшілікті тәнті етті.
Байқау нәтижесінде Аңқабаевтар отбасы 1-орынды, Қошқарбаевтар жанұясы 2-орынды еншілесе, Жұмаділда отбасы «Өнерлі отбасы», Әбілхановтар әулеті «Үлгілі отбасы», Жанысбаевтар жанұясы «Өнегелі отбасы» аталымдарымен марапатталды.

Жанерке Жанұзақ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.