Саяси науқанның ел болашағы үшін маңызды екендігіне баса назар аударған паралимпиада ойындарының жүлдегері дауыс берушілерді белсенділік танытуға шақырды.
«Бүгін біз ұлт болашағы үшін таңдау жасаудамыз. Референдум халқымыздың саяси белсенділігін арттырып, азаматтық қоғам құндылықтарын айқындай түседі», деді Нұрдаулет Жұмағали.
Сөз соңында паралимпиада жүлдегері барша жерлестерді таңдау жасауда белсенділік танытуға шақырды.