Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отбасы құндылығы – асыл қазына

0 214

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы шеңберінде «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі «Отбасы институтын нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Отбасы құндылығы – асыл қазына» тақырыбындағы кездесу ұйымдастырды.

Оған Тараз қалалық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері Калымбетовтер отбасының отанасы Ардақ, Жазыбаевтар отбасының отанасы Салтанат, Ләззат Мейрманова (тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, медицина маманы), Асел Оскенбаева (психолог), 1-курс студенттері қатысты. Ондағы басты мақсат – отбасында балаларды тәрбиелеудің маңыздылығына, балалы болуды жоспарлау және тәрбиелеу, ажырасудың алдын алу, балалар мен аналарға және отбасыларды қолдау, білім алу, «Мерейлі отбасы» жеңімпаздарының жетістік тарихы туралы ой бөлісу, Аналар күніне орай аналарға құрмет көрсету. Жасөспірімдер және бойжеткендер қонақтарға «бала тәрбиелеуде әке мен ана үлесін қалай бөлесіздер?», «бос уақыттарыңызды қалай өткізесіздер?», балалы болуды жоспарлау және тәрбиелеу, ажырасудың алдын алу, «жас отбасына балалы болуды жоспарлау керек пе?», «балаларыңыздың кім болғанын қалайсыздар?» және «өскен кезде таңдауына араласасыздар ма?» деген көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар мен кеңестер алды. «Бақытты отбасы болудың сыры неде?» деген мәселе айналасында ой бөлісуде барлық қатысушылар белсенділік танытып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Келесіде сұрақ-жауап рубрикасына кезек берілді. Онда тәрбие, ата-ана туралы нақыл сөздерге студенттер жауап берді. Нәтижесінде бойжеткендер берілген сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, шараны қызықтыра түсті, соңында белсенділер ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Тәрбие ісінің оңтайлы жүзеге асуына қосқан үлесі үшін, Аналар күніне орай колледж директоры Жамилә Сарыбекова сыйлықпен марапатталды. Кері байланыста қатысушылар қонақтар мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ляззат Мейрманова,
тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.