Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отбасы институтын нығайту басты талап

0 233

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Зере Қуаныш

Жиынды қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Кенжебек Олжабай жүргізді. Алдымен сөз алған қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова қала әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Отбасы мәселелері бойынша жұмыс тобының атқарған жұмысы туралы хабарлады.

– Ағымдағы жылдың маусым айында Тараз қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында Тараз қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Отбасы мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылып, тиісті тапсырмалар берілді. Жұмыс тобы құрылғалы бері 24 сот ұйғарымы келіп түсті. Барлық сот ұйғарымы бойынша тараптармен жеке-жеке (телефон арқылы) сөйлесіп, жұмысщы топтың атқаратын қызметі және оның отбасын сақтап қалу мақсатында қолдау көрсететіні туралы түсіндірілді. Сонымен қатар барлық тараптар жұмыс тобының отырысына шақырылды. Бүгінгі таңда келіп түскен 24 сот ұйғарымы бойынша 11 ерлі-зайыпты қайта қосылды, 10-ы ажырасты, 3 ерлі-зайыптыға қатысты желтоқсан-қаңтар айында сот отырысы болады. Сонымен қатар аталған бағыттағы жұмысты оңтайландыру мақсатында жұмыс тобының ұсынысымен қалалық соттың ғимаратында ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап «Шанс» Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының психологы әр аптаның дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында некені бұзуға ниет білдірген 32 ерлі-зайыптылармен сұхбат жүргізді. Нәтижесінде 8 ерлі-зайыпты сұқбаттасу барысында татуласса, 6 ерлі-зайыптыға татуласуға өзара келісімге келуге уақыт берілді, 18-і ажырасу туралы шешімдерін өзгертпейтінін, жұмыс тобының көмегіне мұқтаж емес екендерін жеткізді. Жалпы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында ағымдағы жылы 100-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 7000-нан аса адам қамтылды, – деді Ұлана Сламбекқызы.

Жиында белгілі болғандай «Отбасы институтын нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны «Елу жылда-Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі іске асырып келген. Жоба бойынша атқарылған жұмыстар да жоқ емес екен. Бұл туралы аталмыш қоғамдық бірлестіктің төрайымы Шарапат Сүйімқұл айтып, слайд арқылы комиссия мүшелеріне атқарған жұмыстарды көрсетті. Сондай-ақ комиссия отырысында келер жылдың жоспары бекітіліп, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.