Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отанымыздың іргесін ешкім сөге алмайды

0 175

Әмзебек ЖОЛШЫБЕКОВ,

облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы

Мемлекет – бәріміздің байлығымыз, айбынымыз. Мемлекет басшысы әр қазақстандықтың тағдырына алаңдайды. Бүлік жасап, берекесіздік жасамай, базынаны сабырмен айтса да, Мемлекет басшылары түсінеді. Оны мен Парламент Мәжілісінің бірнеше шақырылым сайланған бұрынғы депутаты, бұрынғы комитет төрағасы ретінде жақсы білемін.
Мемлекет ешқашан содырға, бұзақыларға қаласы мен даласын басындырып, бүлікке салып қоймайды. Заң аясында барлық істі реттей алады. Реттеп те жатыр. Бұл жағдай да қалпына келеді. Кінәлілер жазасын алады. Жауаптыларға жаңа талаптар жүктеледі. Отанымыздың іргесін мұндай бүлікшілер бұза алмайды, мемлекет берік, мығым күйде қала береді.
Біздің өңір де тыныш жағдайда, жылдан жылға өркендеп, барлық жағынан алға басып келе жатыр. Алдағы мүмкіндіктеріміз де көп. Оны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үнемі айтып келеді. Өңірімізде қаншама игілікті істер жүзеге асып жатыр. Қаншама отбасылардың баспаналы боп, қаншама қала, ауылдардың газданып, өркендеп жатқанына өзіміз куәміз.
Сондықтан, жағдай тез ретке келіп, қалыпты жұмыс жалғасатыны даусыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.