Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отанды қорғау орманды аялаудан басталады

0 687

Бүгінде облысымыздағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 миллион 427 мың 034 гектарды, ал оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 миллион 357 мың 123 гектарды құрайды.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауына сәйкес, республика бойынша отырғызылуы қажет 2 миллиард ағаштың 140 миллион түп ағашы біздің облысқа тиесілі. Осы мақсатта «Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы» кешенді жоспар да бекітілген. Соған орай былтыр облыстың мемлекеттік орман қорындағы 7300 гектар жерге 10,4 миллион дана ағаш (сексеуіл, қарағаш) отырғызу жоспарланып, 7300 гектарға 10,6 миллион дана ағаш егу және себу жұмыстары орындалған. Сонымен қоса 2021 былтыр жалпы күзгі санақ қорытындысымен 18,0 мың гектар аумақ көмкерілген жерге айналған. Ал 13 290 гектар жерге 24,6 миллион дана ағаш отырғызу жоспарланып отыр екен. Көктем айларында 5190 гектар жерге 15,3 миллион дана отырғызылып, 250 гектар жерге 253 мың дана орман толықтыру жұмыстары орындалған. Күзге қарай 8100 гектар жерге 9,3 миллион дана ағаш себу жұмыстарын орындау жоспарда тұрған болса, алдағы 5 жылда 140 миллион түп ағаш егу үшін 71,7 мың гектар орман қоры жерін дайындау қажет көрінеді. Жоспарға сәйкес, өткен жылы 35 000 гектар аумаққа топырақты зерттеу жұмыстары «Казгипролесхоз» мекемесі тарапынан жүргізіліп, 14 632 гектар орман екпелер қоры жасақталған. Ал биылға 45 000 гектар алқапқа осы жұмыстарды жүргізу жоспарланып отырған болса, биылғы сексеуіл көшеттерін отырғызу жоспары толық орындалған. Табиғатты түрлендіру үшін облыс әкімдігі материалдық-техникалық базаны да жақсартқан. Нақтырақ тоқталсақ, өткен жылы 49 дана техника, 8 мотоцикл, 8 автокөлік, 9 соқа, 10 трактор МТЗ-952, 3 стационарлық рация, 17 көшет отырғызу машиналары, 10 тұқым сепкіш, 5 дана тұқым сепкіштің негізгі құрал-жабдықтарын алуға 217 миллион теңге қаражат бөлініп, игерілген. Соның нәтижесінде жабдықталу деңгейі 78 пайызды құрап отыр. Ал биылға материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында 260 миллион теңге жоспарланып, әзірге 87 миллион теңге қаражат бөлініп, оған 2 дана трактор және 21 дана қосымша агрегаттар сатып алынған.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.