Желіде жол бойында тұрған автобустың өртеніп жатқаны бейнеленген жазба тарап жатыр. Бейнежазбаның артын іле-шала Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратты делінген жедел хабар да пайда болды.
Онда 9 қараша күні жергілікті уақыт бойынша 17:31-де «ПАЗ-320530» маркалы жолаушылар автобусының жол бойында толықтай өртеніп кеткені айтылған. Алайда бейресми дерек көздері оқиғаның бүгін, 9 желтоқсанда болғанын айтуда.
Тараған ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер келгенге дейін жолаушылар көліктен толықтай шығып үлгерген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқтығы жайлы да айтылуда. Өрт 17:43-те жойылған. Оның тұтану себептері анықталуда.
Тілсіз жаумен күреске Маңғыстау облысты ТЖД-ның 8 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ оқиға орнына 3 полиция қызметкері дер кезінде келіп үлгерген.