Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысының тұрғыны әйелін шынжырлап ұстаған

0 1  294

Оқиға Қостанай ауданында болған деп хабарлады turkystan.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады.

Аудандық полиция бөліміне Тобыл қаласында тұратын 44 жастағы әйел күйеуінің үстінен шағымданған. Күйеуі оның аяғын шынжырлап, жылыту батареясына байлап тастаған. Оның айтуынша, оқиға отбасылық жанжалдан туындаған.

Сөйтіп ол таң атқанша отырған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған азамат әйелінің ішімдік ішкенін түсіндірді. Сондықтан оны түнде кетіп қалмасын деп байлап қойған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.