Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысында жатыры алынып тасталған әйел дені сау сәби дүниеге әкелді

0 547

Жеті жыл бұрын жатырын алып тастаған әйел дені сау сәби дүниеге әкелген. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы ерекше жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеті жыл бұрын Қостанай облысы ауылдық окургінің тұрғыны денсаулығына байланысты жатырын алып тастауға мәжбүр болған. Дегенмен уақыт өте әйел жүкті болып, дені сау сәби дүниеге әкелді.

“Әйелдің ағзасында ауытқулар болып, жатырдан қан кетіп, орган жойылды. Дегенмен уақыт өте келе сирек процестің арқасында жатырдың ағзада қалып қойған кейбір бөлігі дамып қайта қалпына келіп, жүктілік басталған. Ең бастысы жүктілік кезеңі сәтті аяқталды”,- деп түсіндірді департамент.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.