Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысында өрт кесірінен үш мыңнан аса оқушы қашықтан білім алады

0 186

Қостанай облысында жағдай тұрақталғанша 3 000-нан аса оқушы қашықтан білім алады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жағдай тұрақталғанша аймақта 3 000-нан аса оқушы қашықтан оқиды. Бұл үшін штаб қызметкерлері мен Қостанай облысы білім басқармасының өкілдерімен бірге барлық жағдай жасалады. Көмек қажет балалар мектепке орналастырылды, олар қауіпсіздікте, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Ғани Бейсембаев.

Оның мәліметіне сәйкес, аймақта жедел штаб жанында зардап шеккен елді мекендердегі балаларға көмек пен қолдау көрсету үшін мамандар жұмыс істеп жатыр.

Мектептерде эвакуацияланған азаматтарды қабылдайтын пункттер ашылған, ал балалар жылы киім және ыстық тамақпен қамтылды.

Ғани Бейсембаев пен Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев Қостанай облысына барған.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысындағы өрттен бір адамның көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.