Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысында 5 жасар Мадинаны іздеу жұмыстары тыныштық режимінде жүріп жатыр

0 156

Қостанай облысың полиция департаменті 5 жасар Мадинаны іздеу шараларының тактикасы өзгергенін мәлімдеді. Мамандардың ұсыныстарын ескере отырып іздестіру жұмыстары тыныштық режимінде жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мадина аутизмге шалдыққан, сөйлей алмайды. Сонымен қатар шаршағанын, тоңғанын немесе қарны ашқанын сезбей қалуы мүмкін.

Полиция мәліметіне сәйкес, аумақты тексеру бағыты өзгерген. Бұрын іздеу жұмыстары Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады.

Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істейді. Ал 10 тамызда таңертең 4 бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өткен.

Іздеу жұмыстарын еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері жалғастырып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.