Жаңа жыл қарсаңында Қостөбе ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункті пайдалануға берілді.
Аудан басшысы Ерлан Қыдыралыұлы көптен бері ескі ғимаратты ем-дом алу үшін қолданып келе жатқан ауыл тұрғындары үшін салынған нысанның мүмкіншілігіне тоқталып, заманауи үлгідегі денсаулық ордасының ашылуымен құттықтады. Қазіргі таңда Қостөбе ауылындағы 79 аулада 500-ге жуық тұрғындар тұрады.
Сондай-ақ аудандық орталық ауруханаға жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы салтанатты түрде аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сейдахмет Шыныбековке көлік кілтін табыстап, ел саулығы жолына кәдеге жарайтынына сенім білдірді. Жедел жәрдем көлігі тұрғындар өтінішіне сәйкес аудандық бюджет есебінен алынды.