Қалалық қоғамдық-саяси газет

ОСК мүшесі: АЭС құрылысына қатысты референдум өткізуге дайынбыз

0 2  010

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов АЭС құрылысына қатысты референдумға дайындық жұмыстары жөнінде түсінік берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Референдум өтетіні жайында жарияланды. Оны өткізу мерзімі кейінірек мәлім болады. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясы бұл жұмыстарға дайын. Яғни сайлаушылар тізімін құру, аумақтық сайлау комиссияларына қатысты жұмыстар ескерілген», – деді Шавхат Өтемісов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ОСК мүшесі алдағы уақытта барлық жоспарлы іс-шаралар атқарылатынын айтты.

Сонымен қатар тілшілер рефрендумды биыл өткізу туралы шешім жасалса, Орталық сайлау комиссиясы бұл науқанға қаншалықты дайын болатынын сұрады.

«Референдум мерзіміне қатысты әлі жарияланған жоқ. Егер биыл ұйымдастыру туралы шешім жасалса, Орталық сайлау комиссиясы дайын болады», – деді ОСК мүшесі.

Атап айтқанда, биыл 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешу керек екенін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.