Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қос жеңімпаз отбасыға құрмет

0 507
Тараз қаласы әкімдігінде қалалық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы жылы конкурсқа Тараз қаласынан түрлі салада еңбек етіп жүрген (көпбалалы патронатты мұғалімдер, шығармашылық-спорттық отбасылар) 7 отбасы қатысты.
Арнайы комиссия шешімімен Сметовтар мен Утеповтар отбасы (2 отбасы) облыстық конкурсқа жолдама алды.
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков облыстық байқауға жолдама алған жеңімпаз отбасыларды арнайы құттықтады.
Алғашқы жеңімпаз – спорт саласында облыс, республика, әлемдік деңгейде олжа салып жүрген Сметовтар отбасы. Үш ұл, 11 немере тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.
Сонымен қатар, Утеповтар отбасы екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған үлгілі әулет.
Шаһар басшысы қос отбасыға алдағы байқауда сәттілік тілеп, өнеге мен тәрбиеге толы шаңырақ шаттығы арта беруіне тілектестік білдірді.
Өз кезегінде жеңімпаз отбасылар да шаһар басшысына алғыс білдіріп, ұлт тәрбиесіне қомақты үлес қоса беретіндіктерін жеткізді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.