Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қос бірдей үй жөндеуден өтуде

0 68

Тұрғындарды баспанамен қамту қашан да маңызды мәселе. Бүгінге дейін өзектілігін жоймаған бұл мәселе елімізде шешімін тауып келеді. Ол үшін Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасын бекітілген мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Мұндай бағдарламалар Жамбыл өңірінде де өз нәтижесін беруде.

Айталық, Сарысу ауданының орталығы – Жаңатас қаласында қазіргі таңда қаладағы тұрғын үй кезегінде 1 462 азамат тіркелген. Ал жер кезегінде 1 302 адам тұр.

Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 5″А» шағынауданынан 191,5 млн. теңгеге екі үй сатып алынып, тізімде тұрған тұрғындарға берілді. (5А ш/а №3-102,2 млн. тг, №7 89,3 млн. тг)

Қазіргі таңда 2 шағын аудандағы №32 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Қаржысы – 629 388,0 мың теңге. Оған қоса 1,9 млрд. теңгеге 80 пәтерлі 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына арналған жоба әзірленді. (6 ш/а №№ 16, 17 үйлер).

Ұлттық құрылтай отырысында Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алды­на ауқымды міндеттер қойды. Соның ішінде ірі инфра­құ­ры­лымдық бастамалар айтылды. Президент айтқан сала­лар – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысан­да­рын жөндеу және жаңғырту, баспана құрылысы, жол­дарды жөндеу және газдандыру жұмысы болатын.

Бұл ретте Жаңатаста ұзындығы 61,2 шақырым болатын 76 көшенің 42-сі (61.6%) толық асфальтталған. Қалған 34 көшені газ құбырлары жүргізілген соң орта жөндеуден өткізу жоспарлануда.

68 көшеге (92%) көше жарықтары орнатылған. Ағымдағы жылы 8 көшеге көше жарықтары орнату жоспарлануда. 8 көшеге орнатылған жағдайда жарықпен қамтылған көшелердің пайызы 100 пайызға жетеді.

Бұрынғы саяжайларды қоспағанда барлық 101 көпқабатты және 1676 жеке сектордағы тұрғын үйлерге ауыз су және кәріз жүйелері тартылған.

Жаңатас – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қалаларының қатарында. Соңғы жылдары қалада абаттандыру жұмыстары кеңінен жүргізіліп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасалуда. Қаланың көгалдандыру және инфрақұрылымын жақсарту мақсатында көптеген саябақтар, гүлзарлар мен серуен аймақтары ашылды. Сонымен қатар орталық көшелерде ағаш отырғызу, жарықтандыру жүйелерін жаңарту және заманауи тротуарлар төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қаланры абаттандыру, тазалығын қамтамасыз ету – біздің басты мақсатымыз.  Бүгінде қала тазалығына 7 арнайы техника, 39 ақылы қоғамдық жұмысшы жұмылдырылған.  Жыл басынан бастап, қала көлемінде 10,5 шақырым арықтар тазаланып, 140 тонна күл-қоқыстар шығарылды. Демалыс орындары мен саябақтарға 2200 түп тал мен 15206 дана гүл көшеттері отырғызылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.