Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоршаған ортаға қамқорлық қажет

0 606

Бүгінгі күні экология мәселесі тек елімізді ғана емес, күллі әлемді алаңдатып отыр. Мұның барлығына адами факторлар да тікелей әсер етуде. Әсіресе, Сырдария мен Әмудария өзендерінің тартылуына байланысты үш бөлік су қоймасына бөлінген Арал теңізінің құрғауы осы кезеңнің басты тақырыбы. Бұл жағдай Қазақстан климатының күрт өзгеруіне әкелді. Құнарлы топыраққа айтарлықтай зиян келіп, жел эрозиясы күшейе түсті. Соның салдарынан теңіздің бастапқы көлемнің 5 пайызы ғана қалды.

Мұндай мәселе Атырау облысында да кездеседі. Мұнай мен газ өндіруден туындаған Каспий теңізі ластануының күшеюіне байланысты аймақта қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасуда. Бұл болашақта экологиялық апаттарға апарып соқтыруы әбден мүмкін. Солай болса да, қазіргі экологияны қалыптастыру үшін бөлінген қаржы теңізге тамған тамшыдай ғана.
Өткен ғасырдың соңында Семейде полигон алаңында болған ядролық сынақтар да қазақ даласы үшін қасіретке айналды. Оның зардабын сондағы жергілікті жұртшылық әлі күнге тартуда.
Әрине, елімізде экологияны сақтау бағытында ешқандай жұмыс жүргізілмей жатыр деуге болмайды. Қолға алынған ілкімді істер баршылық. Десе де қоршаған ортаны таза ұстау жалғыз мемлекеттің ғана емес, баршамыздың ортақ борышымыз екенін ұмытпайық!

Наргиза Сейтназарова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің «Конвергентті
журналистика» мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.