Қалалық қоғамдық-саяси газет

Орманшылардың жұмыс жағдайын жақсартуға 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

0 297

Орман шаруашылығы мекемелерінің өртке қарсы материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында соңғы 3 жылда 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп, тиісті техникалар мен жабдықтар алынған. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді.

– Ағымдағы жылы да материалдық-техникалық базаны толықтыру мақсатында жергілікті бюджеттен 280,0 млн теңге қаражат қарастырылып, өртке қарсы техникалар, патрулдік автокөліктер мен агрегаттар сатып алынды.Осыған байланысты, соңғы 5 жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы 49,8 %-дан 78,5 %- ға жетті.

Сонымен қатар өрт сөндіруге арналған техникаларды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке 8 жылға бөліп төлеуге 1,8 млрд тенгеге регламентпен айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін 60 дана техникалар алу жұмыстары жүргізілуде, – дейді Ә.Тамабек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.