Қалалық қоғамдық-саяси газет

Орман қоры ортаймауы қажет

0 293

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясының барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек облыстағы орман қорын молайту жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 4 млн 414 мың га болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн 357 мың га құрап отыр. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 %-ын алып жатыр. Жамбыл облысының 2021-2027 жылдарға арналған орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарына сәйкес, орман қоры аумағында 143 млн дана ағаш отырғызу жоспарлануда. Осы мақсатпен 2021-2023 жылдары 67,2 млн дана ағаш отырғызылған. Ал биыл 28,125 млн дана көшет отырғызу жоспарланып, бүгінге дейін 13,387 млн данасы егілген. Қалған 14,738 млн дана орман екпелері күз айларында отырғызылмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.