Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қордай ауданына жаңа әкім тағайындалды

0 183

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қордай ауданының әкімі болып Болатбек Бегзат Сейсенқұлұлы тағайындалды.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Аймақ басшысы ауданның жаңа әкіміне өңірдің жоғары әлеуетін тимді пайдаланып, экономикасын арттыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ, халықтың тұрмысын жақсарту, кері байланысты нығайту, мәселелерді шешу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.

Бұған дейін ауданды басқарған Мәден Мұсаев басқа қызметке ауысына байланысты өз өтінішімен босатылды. Облыс әкімі оның атқарған жұмысына алғыс айтты.

Айта кетейік, Бегзат Сейсенқұлұлы 1985 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған.

2010 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментiнің (қаржы полициясының) қызметкері болып бастаған.

Әр жылдары «Барлық-Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері, «Хамза» шаруа қожалығының басшысы, «Адал Дихан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы, «Қордай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін атқарушы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары, «Адал Құрылыс БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылғы қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.