Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ораза – жанның азығы, тәннің шипасы

0 387

Күні кеше күллі мұсылман үшін қасиетті болған Рамазан айы басталды. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі ашылатын ,сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Бұл айдағы ораза балиғатқа жеткен әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. Намаз сияқты ол да жекелей парыз етілген ғибадат болғандықтан біреу өзге адам үшін ораза тұта алмайды.
Ниетсіз ораза дұрыс болмайды. Кез келген оразаны тұтудан бұрын адамда соған сай ниет болуы керек. Себебі әуелі ниет етпей тек күні бойы аш жүргені оразаның сауабы жазылмайды.
Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айына сәйкес орындалатын ең басты діни амал – ауыз бекіту, яғни ораза тұту. Ораза ұстаған адам таңнан кешке дейін ішіп-жеуден, зиянды әдеттерден аулақ болуы шарт. Сондай-ақ бұл айда мұсылман баласы ислам қағидаларын бұлжытпай орындап, ашкөздік, қызғаныш, дүниеқоңыздық, қанағатсыздық секілді жат әрекеттерге жол бермеуі керек.
Рамазан адамзатқа көктен Құран түскен ай ретінде де қадірлі. Сондықтан оразада адам ішіп-жеуден ғана емес, нәпсіден де тыйылып, бойында көркем мінез қалыптастырғаны жөн.
Заманның үлкен ойшылы Ғазали Оразаның үш түрі бар екендігін айтады:

1.Оразада ішіп жеуден аулақ тұру;
2.Ораза Алланың елден керек құлдарына тән. Бұл көз бен құлақты,аяқ-қолы мен өзге де мүшелердің де күнәдан аулақ болуы;
3. Ораза ұстаған адамға өзге, бөтен ой келсе оның ниеті бұзылып, оразасы қабыл болмайды.

Наргиза Сейтназарова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Конвергенттік журналистика» мамандығының 4-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.