Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оралда өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

0 1  020

Бұл туралы Экспресс К облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат П-ны жас баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Орал қаласының тұрғыны 2008 жылы туған өгей қызына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған. Оның кінәсі жәбірленушінің және заңды өкілдің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденген,

— делінген хабарламада.

Прокурор П-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурормен келісті.

«Қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіп дәрежесін, тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне ықпалын ескеріп, сот П-ны 20 жылға соттады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіз мекемесінде өтейді. П. педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды», — делінген хабарламада.

Заңды өкілдің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталғаннан 7 000 000 теңге мөлшерінде моралдық өтемақы өндірілді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.