Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қонаевты тергеген тергеуші ақиқаттың бетін ашты

0 430

Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты тергеген тергеуші  Мейірхан Мейірманқұлов біртуар азаматты кезінде өз шәкірті сатып кеткенін айтты.  Ол бұл туралы Youtube-тегі «Тиек» бағдарламасында баян етті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Қонаевтың үстінен арыз жазған өз шәкірті. Бұлайша ұстазына қарсы шыққанына таңғалдым. Бірақ шәкірті өзі емес, жұмысқы ойын айналасындағы адамдардың қолымен істеді. Мен соны байқадым. Кейіннен мағана адамдар үйіме келіп тұрып бар шындықты айтып берді.

Мен сол тергеуге Мәскеудің атынан қатысқан едім. Қонаев өмірінде екі жерден айлық алып отырған. Біреуін академия атынан болса, екіншісі өзі басшы болып тұрғандағы айлығы. Алайда бір айлығын балалар үйіне аударып отырған. Бір таңғалғаным соның түбіртек қағаздарының бәрін сақтап қойған. Біреу ол кісіні қаралап жатса, ешкімге кек сақтамайтынын көрдім. Менің тергеу саласында қызмет еткен жылдарымда мұндай таза адамды көрген емеспін. Оны өз шәкіртінің сатқаны өкінішті», – дейді сұхбатында МейірханМейірманқұлов.

Алайда тергеуші Қонаевқа  қай шәкірті қастандық жасағанын ашып айтпады.

 Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.