Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Баққараев Олжас Елебекұлы облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Олжас Елебекұлы 1985 жылы Тараз қаласында туған.
Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетін «электроника және микроэлектроника», Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.
Әр жылдары «NULITS» (Nazarbayev University library and IT services) жеке мекемесінің даму қызметінің басшысы, «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-нің сарапшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.