Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаржауовқа қатаң талап қойылды

0 263

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Қайрат Шайхиев Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауовқа қатаң талап қойды. Ол өзінің Facebook-тегі жазбасында аудан орталығындағы жолдардың сапасын сынға алып, аудан әкімін жауапты тұлғалардың қызметтен кетуін талап етті.

«Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі аудан орталығындағы жолдарды жылдың аяғына дейін ретке келтірсін, не орындарын босатсын!

Жүретін жол қалмады ғой ауданда!
Тесік көпірден көтеріле берісте арықтың лотоктарын ауыстырып жатыр, көк шаң, бір көлік-бір көлікті көрмейді, тастары ұшып жатыр!
Тазалық сақтай отырып, астындағы асфальтқа зиянын келтірмей, лотоктарды аккуратно алып, аккуратно сала салуға болмай ма? Не деген салақтық? Лоток ауыстырды екен деп асфальтты қайта саламыз ба? 100 метр жерді ұлан-асыр жұмыс қылмай ертерек бітірулеріңізді сұраймын! Онсызда мазасы кеткен аудан жолдарында жүретін жер қалған жоқ!
Асфальт демекші, тесік көпір мен Рысқұлбековтың ортасындағы «Евгеньевский тракт» көшесін қашан жөндейсіңдер?
Переезд бен РЭС тің ортасындағы жолдар ше?
Неге жалпы Жуалы ауданының жолдары ойдым-ойдым, гормошка?!
Сіз өзі немен жүресіз? Вертолетпен жүресіз ба? Қалай көрмейсіз, мына жолдарды? Халыққа жаныңыз ашымаса да, көлігіңізге жаныңыз ашымай ма?» —деді Қ. Шайхиев өз жазбасында.

Бұған аудан әкімі Олжас Қаржауов не деп жауап берер екен?

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.