Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қолым кісендеулі жатқанда есімді жидым»: Алматыда полиция қызметкерлері Өзбекстаннан келген этникалық қазақты аяусыз тепкілеген

0 452

Алматыда полиция қызметкерлері ұлты қазақ Өзбекстан азаматын аяусыз тепкілеген. Жәбірленушінің айтуынша, оны жұмысына жегіп ақысын төлемеген кәсіпкердің көрсетуі бойынша Әуезов ауданы Полиция басқармасының үш қызметкері тепкілеп тастаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі қабырғасы сынып, түрлі жарақат алған жәбірленуші істің бір айдан бері жылжымай тұрғанын айтады.

Полицейлер тепкілеп тастады деп шағымданған Тимур Исаков – Өзбекстан азаматы.

Еңбек мигранты ретінде тіркелген жігіт екі ай бойы Мұрат есімді азаматтың шағын фастфуд орталығында еңбек етіпті. Алайда кәсіпкер осы аралықта төленуі тиіс 600 мың теңгесін бермеген.

Жәбірленушінің төлқұжатын тартып алған ол, ашық қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Сол сәтте жеке басының қауіпсіздігіне алаңдаған Тимур Исаков полиция шақырыпты.

«Бірақ кәсіпкер мен тәртіп сақшысы бір-бірінің сөзін сөйлеп, ақыр соңында соққыға жығылдым»- дейді ол.

Тимур Исаков Аудандық ІІД ішінде өзін балағаттағанын айтқан.

«Қазір кө@іңді айырам ғой» дейді капитан, ана учаскеліктің әңгімесі. Сосын формасыз бір жедел қызметкер келді. Менің көк төлқұжатымды шығарды. Сосын менің бетімнен ұрды, мына жерден. «Неге ұрасың?» деп бақырдым, жәрдем сұрадым. Сол кезде аға лейтенант кіріп келіп, арқамнан, төсімнен ұрды. Мен шақырған капитан, учаскелік жүгіріп келді. Спорттық киім, капюшонымен бұғып үшеуі, мен есімнен танып қалдым”, – дейді ол.

«Қолым кісендеулі жатқанда есімді жидым» деген жігіт сорақылықтың  бәрі Әуезов ауданы полиция басқармасының ғимаратында болғанын айтады. Тіпті қол қойылған сот қаулысын өздері алып келген полицейлер оны жедел түрде депортация жасауға бекініпті.

Жәбірленуші судьяның түрін көрмек түгілі, «Газельдің» ішінен шықпадық дейді. Алайда соңыра Өзбекстан азаматының заңды тіркелгенін білген көші-қондағылар басын ала қашқан. Кейін жағдайы нашарлаған жәбірленушіні жедел жәрдем тура полиция басқармасынан алып кетіпті.

“Жедел жәрдем №7 ауруханаға алып келді. Рентген, қан, несебімді тапсырдым. Нейрохирург бәрін көрді. Алтыншы, жетінші қабырғам сынған. Миым шайқалған. Құсып жаттым. Зәрімнен қан екі күн шықты. Қазір жүруім, демалуым қиын”, – дейді Өзбекстан азаматы Тимур Исаков.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.