Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Олар – менің жауларым, мені әдейі жаман етіп көрсеткісі келген»: Мақпал Жүнісова отандық фильмді түсірушілерге ренішін айтты

0 738

Мақпал Жүнісова “Отыздан асып барамын” фильмін түсірушілерді “менің жауым” деп атады. Әнші өзінің рұқсатын алмағаны үшін өкпесін айтып, сотқа арыз беруге дайын екенін жеткізді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

МақпалЖүнісова желіде үндеу жолдады. Әнші рұқсатынсыз образын жасап, әнін шырқағаны үшін өкпелі. Жаңа туындының авторлары менің жауларым деп кесіп айтты.

“Отыздан асып барамын” деген кино шығыпты. Маған оның сілтемесін жіберіп жатыр. Ол жерде менің де рөлім бар екен. Бірақ мен ойнаған жоқпын. Маған ешкім айтқан да, рұқсат сұраған да жоқ. Ойнаған актриса мен емес. Мен олай ойнамаймын. Тек менің даусымды алған. Оны да менің рұқсатымсыз алған. Мен әлі тірімін. Жер басып жүрген адаммын. Мен олай боянбаймын да, домбыраны жерге сүйретіп жүрмеймін де. Олар мені жаман көрсеткісі келген. Олар менің жауларым”, – деді әнші.

Халық әртісі ешкіммен соттасып жүруге уақыты жоқ екенін айтып, өз талабын жеткізді.

“Менің ешкіммен соттасып жүретін уақытым жоқ. Бәрін бір Аллаға тапсырдым. Менің оларға қояр талабым – кинодағы мені сомдаған кадрларды алып тастасын, алмаса сотта кездесеміз”, – деді халық әртісі.

Жақында көпшілікке жол тартқан туындыны көпшілік көріп үлгерді. Қоғам белсенділері мен өнер өкілдері түрлі пікір жаза бастады. Бірі жақсы түсірілген фильм екенін айтса, енді бірі қарсы пікір жазысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.