Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Октябрь, Ерсінбек, Ақбота». Елге есімін өзгертіп танылған әншілер кімдер?

0 293

Сахнаға жарқырап шыққан әртістердің әні хит, сыртқы бейнесі көпшілікке жақсы таныс. Бірақ төлқұжаттағы аты-жөнін жасырын ұстап, елге өзге есіммен танылған өнерпаз көп екен. Осы орайда Экспресс К тілшісі отандық шоу-бизнес жұлдыздарының жұрттан жасырған құпиясын ашты.    

Мәселен, кезінде «Не жаздым мен, жаным, саған», «Қу арақ» сынды хиттерімен бүкіл қазақты билеткен Өктем Алтаевтың ата-анасы азан шақырып қойған есімі басқа.

instagram.com/oktem_altayev
instagram.com/oktem_altayev

«Менің азан шақырып қойған есімім — Октябрь. Қазақ волейболының атасы — Октябрь Жарылғаповтың құрметіне қойылған. Бірақ үйдегілер мені Өктем деп атайды. Ал Өктем Алтаев болып сахнаға шығу себебім, мен «Алтаевтар» ансамблінен еншімді алып, жеке шығармашылық жолымды бастадым. Бұл — бір. Екіншіден, дәл сол жылдары Тұңғышбай Жаманқұлов — «әл-Тарази» болды, содан кейін елдер фамилиясынан «ов», «ев» дегендерді алып тастап, сондай үрдіс қалыптасып жатты. Сол кезде мен де патриоттық сезіммен «Октябрь» деген орыстың сөзін қояйын, өзімнің қазақ есіміммен сахнаға шығайын деп, Өктем болып сахнаға шықтым. Бірақ «Октябрь» деген орысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сөз екен. Бірге оқыған группаластарым, әскерде бірге жүрген достарымның бәрі мені Октябрь Алтаев деп атайды, олар мені Өктем деп қабылдамайды. Сондықтан Өктем — сахналық лақап ат десек те болады. Негізі әкенің балаға азан шақырып қойған есімін ауыстырудың түк қажеті жоқ екен, мен соны түсіндім. Октябрь болып жүре беруім керек еді. Алдағы уақытта Октябрь Алтаев болып сахнаға шығамын», — дейді Өктем Алтаев.

 

«Жігіттер» тобындағы төрт әнші де бүгінде халыққа жақсы таныс. Алайда бұл квартеттің мүшесі Айдар Тұрғамбек өзінің туу туралы куәлігіндегі есімі мен тегін өзгертіп жібергенін айтады.

"Жігіттер" тобы / instagram.com/erdoskanaev
«Жігіттер» тобы / instagram.com/erdoskanaev

«Негізі азан шақырып қойған есімім — Ерсінбек. Туған кезде шашым өте сирек болған екен. Қазақта шашқа байланысты неше түрлі ырымдар бар ғой. «Айдар, шаштың айдары» деген сияқты. Содан бастап мені барлығы ырымдап Айдар деп атап кеткен. Ешкім мені Ерсінбек демейді. Кейін «Жігіттер» тобы құрылғанда бәрі Айдар дейді, елге Айдар атымен танылдық. Содан ұшаққа билет алған кезде төлқұжатта негізгі есімім Ерсінбек деп тұр. «Мынау Ерсінбек деген кім?» деп көбісі күдікпен қарай бастады. Содан есімімді де, тегімді де ауыстыруға тура келіп, төлқұжаттың тұпнұсқасын толық өзгерттім. Менің бұрынғы төлқұжаттағы аты-жөнім Ерсінбек Байжанов болса, қазір Айдар Тұрғамбек деп жазылып тұр. Байжанов — бұрынғы тегім, Тұрғамбек — әкемнің аты», — дейді «Жігіттер» тобының әншісі.

instagram.com/aidar_turgambek
instagram.com/aidar_turgambek

Мұндай үрдіс отандық өнерпаздар арасында жиі кездеседі. Мәселен, әнші Бүркіттің құжаттағы аты-жөні — Айбек Жансейітов, ал әйелі Аишаның негізгі есімі — Виктория.

Аиша және Бүркіт
Аиша және Бүркіт

Сондай-ақ, әншілер арасында ру аттарымен көпшілікке танылғандар да жетерлік:

  • Аша Матай — Ақбота Асқарбекова
  • Нұрлан Албан — Нұрлан Тәжікенов
  • Ақылбек Жеменей — Ақылбек Аязбай
  • Ғаділбек Жаңай — Ғаділбек Шүренбай
Аша Матай, Нұрлан Албан, Ақылбек Жеменей және Ғаділбек Жаңай
Аша Матай, Нұрлан Албан, Ақылбек Жеменей және Ғаділбек Жаңай

Бұл тізімде Қазақстанның атын әлемге танытқан талантты қыз-жігіттер де бар:

  • Димаш Құдайберген — Дінмұхамед Құдайберген
  • Jah Khalib — Бахтияр Мамедов
  • Скриптонит — Әділ Жәлелов
  • Say Mo — Мөлдір Есембек
Димаш Құдайберген, Jah Khalib, Скриптонит және Say Mo
Димаш Құдайберген, Jah Khalib, Скриптонит және Say Mo

Сахналық есіммен танылған өнерпаздардың ішінде қазіргі заманауи эстраданың жұлдыздары арасында да кездеседі. Мәселен:

  • Amre — Ернар Садырбаев
  • Kalifarniya — Фархат Қалиев
  • Ayree — Айгерім Рақышева
Amre, Kalifarniya және Ayree
Amre, Kalifarniya және Ayree

Сондай-ақ, атышулы Ninety One тобының жігіттері де отандық шоу-бизнеске лақап атпен қадам басты.

  • Zaq — Дулат Мұхамедқалиев
  • Alem — Батырхан Мәліков
  • A.Z — Азамат Зенкаев
  • Ace — Азамат Ашмақын
  • Bala — Данияр Құлымшин
Ninety One тобы
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.