Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ой ішіндегі соғыс (деректі поэмадан үзінді)

0 302

Осы деректі поэма 2021 жылдың 26 тамызында №28349 әскери бөлімде қаза болған полковник Мейіржан Айманов пен ажал құшқан өрт сөндірушілердің рухына арналады.

Жігітке сәт туар жанды қиятын…
Ел – сенім, өлмесе… Ар-ұятың!
XVІІ ғасыр. Сары би Әлтайбиұлы

2020 жылдың күзі еді,
Мейіржанның зейнетке кету кезегі…
Осынау жайға
Басшылар қимай өкінген,
Жаңа талап…
Нақ орындау кезеңі…
Ал Айманов,
Талапқа сай Азаматтың өзі еді!
Төтенше іске,
Бар өмірін арнаған,
Білімді, басшы
Мейіржандай қайда адам?!
Өрт-құтқару
Соғысында еш күн жоқ,
Айманов бас боп,
«Тілсіз жау» жоюға бармаған…
Ісіне сай,
Полковник шен де алған-ды.
Талай марапатпен,
Еңбегі әр кез жанған-ды…
Көп жауынгер
Мейіржанды «аға-ұстаз» деп,
Жастарға үлгі,
Қамқоршы тірек болған-ды!
Мейіржанның да,
Аса қимасындай сақталған,
Әр жауынгер аты,
Жүректе берік жатталған,
Осы ақ сезім…
Мейіржан зейнетке шықпай,
Өскен ортасы,
Қызметінде қалуға тоқталған.
Полковниктің
Бұл «Сертіне» басшылар,
Мейіржанмен
Иықтас болған «Қосшылар»..,
Бүкіл ұжым,
Ақ тілекпен қуанған,
Төтеншеліктер..,
Мейірімді ғой… досты ұғар.
Содан бері,
Арада міне жыл өтті..,
Мейіржан бас боп,
Құтқарған… Апат, сан өртті…
2021.08.26-ы кешінде,
28/349 әскери бөлімде өрт… деген..,
Үрейлі хабармен,
Қорқыныш басқан… үн жетті,
Дәл сол сәт,
Телефонмен «қайдасың» деген Анасы,
Ана ғой шіркін,
Әр минутта қажет баласы!
– Анашым, мен
Асығыс.., өртке кеттім, – деген…
Мейіржан ер!
Тез құтқару боп ой мен санасы.
Мұндай сәтте…
Уақыт аз.., ойды таңдайтын,
Құтқарушылар ғой
Қауіпті алғаш ауыздықтайтын.
Мейіржан бас боп,
Өрт шыққан жерге тез жеткенде,
Қуанған жұрты..,
– Келді, – деп Үмітті жалғайтын
Мейіржан
Шын жағдайды байқап әуелі…
– Үш ауылды
Көшіру керек, – деп еді…
Арнайы топ та: «Дұрыс…
полковниктің болсын», – деді «дегені».
Мейіржандар
Ауыл халқын көшіруге жөнелді…
Әр тұрғын үйге хабар,
Нұсқау бергізіп, Мейіржан
«Сарбаздарымен»
Әр адамның жандарынан табылған.
Қауіпсіз жер, жақын..,
Тараз қаласы… Таразға дегенге,
Үрейлі жұрт
Сәл уайымнан арылған.
710 тұрғын
Қауіпсіз аймаққа шыққан соң..,
Полковник те
Бұл өрттің оңай емес екенін ұққан соң,
Қап-қара қою…
Түтінге кірді сарбазын бастап
Жігіт «Ер» бола ма?!
Еліне қиын кезде «бұққан» соң!
Түнек, жалын, өрт
Ауа, бағдар, сәуле жоқ ағарған…
Мейіржандар бір-бірін
Айқайлап жүріп таба алған
Тұншыққан… демге
Екі жасақты кейінге, сүйей шығара..,
Қайта кірді жалынға..,
Құтқаруға жауынгерлерін от-қапастан
Айқайлаған ойында,
– Арнұр, Александр, Тәңір, Елдосбек,
Қайдасыңдар?
Тұрған жерлерің қайда? – деп
Қара түтінді сырып
Қайта жүрді, қызыл жалын әріге,
Әріптес жандарым
«Жол таппай тұр ма?» деген ойға кеп…
Отта… Оттегі жоқ
Мұны Мейіржан жақсы біледі.
Бір жұтым ауа,
Оттегі тірі қалуыңның ең тірегі…
Осыны ойлағанда,
Полковник тістеніп, алға жылжыды.
Жанарына жас кеп
Өктем, тасырлай соғып жүрегі…
Тағы да айқайлап,
Көп аттарды айтып шақырды,
«Табам» деп оларды.
Демім өшіп біткенше ақырғы…
Кенет «снаряд» дауысы,
Жаңғыра, дүлей күш, жап-жарық от,
Бұлардың бәрін жапыра..,
Гүрс етті, жарыла әуеге атылды…
Жалынға оранған, аппақ,
Бір ару бұрымды көрініп аспанда
Құдайдың бүгінгі әмірін,
Төменге өзгеше хабарлап жастарға
Тірілер ешқашан көре алмас
Күн туса… барлығы көруді армандар…
Жол бастап тұрғандай
О, дүниедегі биік-биік «Асқарға»
Жойқын жарылыс,
Алапат үлкен күш аспанда от-жалын,
Тәубесіне келтіріп, алыс,
Жақындағы тірінің бәрін.

Енді «Бейқам» емес… адамдар
«Бекем» бол, бекем бол» дегендей баршаға,
Алламыз шын қалап, жұмаққа
Көтеріп кеткендей ерлердің жанын.
***
Елі үшін отқа түскен қыршындар,
Әр жүректе мәңгі өлмей тұрсыңдар!
***
Ерлеріміз Пейіште – жұбанатынымыз!
Үш ауыл ел аман қалды – қуанатынымыз!
Тәубә! Сабыр ет, Елім!

Жапар Әл-Түркеш Тілеужанұлы,
этнограф-құсбегі-эколог.
Шығармашыл жастардың республикалық «Жігер»
фестивалінің лауреаты,
Мойынқұм ауданының
Құрметті азаматы.
Тараз қаласы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.