Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді

0 195

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында бірқатар мәселелер қаралды.

Аймақ басшысы өңірдегі жағдайдың тұрақталғанындегенмен іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатқанын жеткізді.

Жалпы, 4-6 қаңтар күні Тараз қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2563 күдікті полицияға жеткізілді.

Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 458-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 51-іне қылмыстық іс қозғалған.

Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 156-ға жетті.

Облыс әкімі қару-жарақтардың есебін жүргізу, азаматтардың өз еркімен тапсыруы, заңсыз айналымнан тәркілеу шараларын жеделдету керектігін баса айтты.

Қазіргі таңда облыс аумағында 28 блок-бекет жұмыс жасауда десек, басқосу барысында олардың санын азайту мәселесі қаралды.

Қайтыс болған азаматтардың отбасыларымен психологиялық жұмыстар жүргізу, мектеп оқушылары және колледж студенттері бойынша түгендеу, ата-аналарының жауапкершілігін арттыру жайы назарға алынды.

Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеген Бердібек Сапарбаев халықтың қауіпсіздігін, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар бақылауда болу керектігін тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.