Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі соғыс ардагерін 100 жасымен құттықтады

0 430

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев соғыс ардагері, Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Шалданбай Шанбаевты 100 жасымен құттықтады.

Аймақ басшысы ғасыр жасаған қарияға ізгі лебізін арнап, Жеңісті жақындатуға қосқан үлесін, ұзақ жылдар бойы атқарған елеулі еңбегін, өнегелі өмірін атап өтіп, алғысын жеткізді.

Өз кезегінде қарт майдангер де естеліктерімен бөлісіп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, Шалданбай қария Макен әжей екеуі 6 ұл, 3 қыз өсіріп, тәрбиелеген. Бүгінде олардан 32 немере, 47 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отырған ақсақал елдің амандығын, тыныштығын тілеп, бейбіт күннің бағасын білуге шақырып келеді.
1942 жылы әскерге шақырылған майдангер соғыстың соңына дейін ішкі істер әскерлерінің 227 полкі құрамында болып, соғыс біткен соң да әскер қатарында қалған. Ол 1949 жылы елге оралып, трактор бригадасының бригадирі, санақшы ретінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жаңатұрмыс» колхозында есепші, бас есепшінің көмекшісі болған.

«II дәрежелі Отан соғысы» орденімен және «Маршал Жуков» және басқа да бірқатар мерекелік медальдермен марапатталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.