Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі отандық бизнес өкілдерімен кездесті

0 647

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен отандық бизнес өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізу бойынша инвестициялық жобаларын таныстырды.

«Primus Capital» ЖШС директоры Сапарбек Тұяқбаев өңірде жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Кәсіпорынның бастапқы қуаты – жылына 160 мың тоннадан аса, кейіннен бұл межені 330 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген.

С.Тұяқбаев облыстың географиялық қолайлығы және өңірдегі жоғары өнімділік қысқа мерзімде экспорттық жеткізілімдерді жолға қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Pine Holding» компаниясы мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу-зертханалық кешендер, робототехника, химия, биология және физика бойынша заманауи пәндік кабинеттер құру қызметтерін көрсетуге бағытталған.

Кездесу соңында жауапты басқармаларға жобаларды жан-жақты зерделеу бойынша тапсырмалар берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.