Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

0 338

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға Тараз қаласынан және Мойынқұм, Қордай, Т.Рысқұлов, Байзақ ауданынан  жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету, жер мәселесі, жұмысқа орналастыру, пәтер кезегіне тұру, шалғау ауданға спорт нысандарын салу сынды мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.